Сайлау-2022

Сайлау туралы ақпарат алғыңыз келсе

Азамат Темірбеков 

Қараша айының 20-шы жұлдызында өтетін кезектен тыс Президент сайлауы жақындаған сайын газет оқырмандары сайлауға қатысты сұрақтарын редакцияға жиі жолдауда. Осы ретте алдағы саяси науқан жайында көпшіліктің көңілін толғандырған бірқатар сұрақтарға біз де жауап іздеп, қалың оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. 

Мен басқа бөлімшеде дауыс бере аламын ба?

Иә, дауыс бере аласыз. Егер сіз сайлау күні басқа елді мекенге баруды жоспарласаңыз, онда сізге алдын ала, 2022 жылдың 19 қарашасы күні сағат 18.00-ге дейін сайлау учаскесіне хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алу қажет. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз. Сонымен қатар бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беруге болмайды.

Шетелде тұратын ел азаматтары сайлауда қалай дауыс береді?

Дауыс беру үшін сіз тұрған шет мемлекеттегі сайлау комиссиясының учаскесіне жүгінуіңіз керек. Учаскелердің мекен жайларын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сайтынан табуға болады. Ол үшін сайлаушыда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет.

Жүргізуші куәлігімен дауыс беру бюллетеньдерін ала аламын ба?

Ала алмайсыз. Сайлауда Қазақстан Республикасының азаматтары ғана дауыс бере алатындығын ескере отырып, дауыс беру құқығын беретін құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болып табылатынын ескертеміз. Заңнамалық актіде жеке куәліктің түпнұсқасын аталмыш құжаттың цифрлық нұсқасының ауыстыра алатыны көрсетілген. Мұндай жағдайда сіз бұл құжаттың электронды нұсқасын egov mobile, Kaspi.kz және Halyk қосымшалары арқылы көрсете аласыз.

Сайлау бюллетенін бөтен адамдарға көрсетуге бола ма?

Заң сайлаушының бюллетеньді кабинадан дауыс беру жәшігіне қалай апаруы керектігін реттемейді. Алайда заңдағы екі тармақты ұмытпауымыз керек. Біріншіден, Қазақстан Республикасында дауыс беру құпия болып табылады. Бұл сізден толтырылған бюллетеньді көрсетуді талап етуге ешкімнің құқығы жоқ дегенді білдіреді. Егер кімде-кім бұл тыйымды бұзса, ол жауапқа тартылуы мүмкін. Екіншіден, дауыс беру күні сайлау алдындағы үгіт-насихатқа тыйым салынады, оның нысандарының бірі кандидаттардың қайсысы үшін дауыс бергеніңіз туралы хабарламаны қоса алғанда, сайлаушының қалауын білдіру болып табылады. Демек, толтырылған бюллетеньді көрсету сайлау науқаны ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл үшін сіз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Сондықтан толтырылған бюллетеньді ешкімге көрсетуге болмайды. Оны бүктелген күйінде сайлау жәшігіне салған жөн.

Сайлаушы сайлау учаскесіндегі бұзушылықтар туралы кімге хабарлай алады?

Ресми жолмен жүріп, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына немесе аумақтық сайлау комиссиясына, сондай-ақ құқық қорғау органдарына (бірінші кезекте, прокуратураға) шағым жазуға болады.

Аты-жөнім дауыс беру тізімінде жоқ, бірақ мен мұнда ұзақ уақыт тұрсам да, тізімге қосылмадым. Бұл заңды ма? Мұндай жағдайда қалай дауыс бере аламын?

Сайлау учаскесінің аумағында сіздің тұрғылықты жеріңіздің (тіркелуіңіздің) болу фактісін растайтын құжат (паспорт немесе оны алмастыратын құжат) болған кезде сайлаушы сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Егер сіздің құжатыңызда сайлау учаскесінің аумағында тұру фактісі расталмаса, онда сізді сайлаушылар тізіміне енгізуге құқығы жоқ. Дауыс беру үшін учаскелік комиссияға негізделген мәлімдеме жазу керек. Сіз сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясына жүгіне аласыз.

Дауыс беру үшін екі адамға бір кабинаға кіруге бола ма?

Кіруге болмайды. Заң бойынша дауыс беру құпия болуы қажет. Бұл дегеніміз ешкім, тіпті жұбайы немесе жақын досы да толтырылған сайлаушы бюллетенін көрмеуі керек. Алайда бұл ережеде жалғыз ерекшелік бар: егер сайлаушының бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаса (әдетте, бұл қарт немесе көру қабілеті нашар адамдар), ол басқа сайлаушының көмегін пайдалануға құқылы. Ол үшін көмектесетін тұлға:

1) сайлау комиссиясының мүшесі;

2) жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы;

3) кандидаттың сенім білдірілген адамы;

4) журналист, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі;

5) тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушысы болмауы тиіс.

 

Осы айдарда

Back to top button