Қоғам

Саяжайларға электр жарығы тартылады

Айна Ескенқызы

Облыс орталығында бау-бақша серіктестіктерін электрмен жабдықтау мәселесін шешуге кірісті. Қазіргі уақытта “Рауан-Восход” бау-бақша қоғамында электрмен тұрақты жабдықтау бойынша қанатқақты жоба қолға алынды.

Облыс орталығының саяжайларында көптеген тұрғындар тұрақты тұрып жатыр. Бұған саяжайларда тіркелуге рұқсат беру ықпал еткені сөзсіз. Саяжай үйлері о бастан жыл бойы тұруға бейімделмегендіктен, кооперативтердегі электр желілері қазіргі кездегі жүктемелерге шыдамайды. Шамадан тыс жүктемеден трансформаторларда орын алған апаттар серіктестіктердің төрағалары, саяжайларға жазда келушілер мен онда тұрақты қыстайтын тұрғындар арасында үнемі қақтығыстар туғызып келді.

—Бау-бақша серіктестігінің тұрғындары бұл мәселені үнемі, көптен көтеріп келеді. Тіпті жолды жауып тастауға да талпыныс болды. Алайда, бұл жеке аумақ екенін, тұрғындар қалыптасқан мәселені өздері шешуі керектігін айта кеткен жөн. Бірақ халықтың ақшасы жоқ. Сол себепті қазір бұл жұмысты біз бастап кеттік. Облыс әкімі бізді қолдады, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар депутаттар алдында есеп берген кезде.

Әзірше энергетикалық проблеманы шешу алгоритмі Меновное ауданындағы “Рауан-Восход” бау-бақша серіктестігінде пысықталуда. Егер қабылданған шаралар жақсы нәтиже берсе, келесі жылы тәжірибе басқа жазғы коттедждерге таратылады. Әкім “Звездный” (Ново-Ахмер) және “Светоч” (Ахмер) ауылдарын энергиямен жабдықтау бойынша жобалар дайын екенін хабарлады.

Осы жылы бюджеттен Меновное ауылындағы «Рауан-Восход» бау – бақша серіктестігінде  (электрмен 493 адам, 151 үй қамтамасыз етіледі), Жаңа-Ахмердегі   «Звездный» серіктестігінде құрылысын бастауға (электрмен 468 адам, 90 үй қамтамасыз етіледі) және Жаңа-Ахмердегі «Светоч» серіктестігінде (электрмен 432 адам, 70 үй қамтамасыз етіледі) электрмен жабдықтау желілерін салуға қаражат бөлінді. Ахмер ауылында ұзындығы 61,8 км электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде (электрмен 635 үй, 1905 адам қамтамасыз етіледі), «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы бойынша Меновное және Ахмер ауылдарындағы жарықтандыру желілеріне жөндеу жүргізілуде, – деп нақтылады Жақсылық Омар.

Осы айдарда

Back to top button