
Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен облыстық филиал саяси кеңесінің отырысы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Zoom платпормасы арқылы онлайн форматта өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 1 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде өтетін Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезіне облыстан қатысатын делегаттардың тізімі қаралып бекітілді.
Жалпы партияның съезіне Шығыс Қазақстан облысының атынан 32 делегат қатысатын болады.