Сауда орындарында да екпе кабинеттері бар

Облыс орталығында 110 коронавирусқа қарсы екпе салу пункті ашылған, оның отызға жуығы бұрынғы медициналық ұйымдардың негізінде, елу кабинет мектептердегі медпункттерде жабдықталды, бұдан басқа, тағы қосымша отызға жуық пункт ашылып жатыр.
– Қазіргі басты міндет – осы екпе пункттеріне халықты жұмылдыру, олардың дер кезінде екпе салдыруы үшін ақпараттық қолдау қажет. Біз екпе кабинеттерінің мекенжайы жазылған парақшаларды тарататын боламыз. Мектептердегі кабинеттерде қазір әлі вакцина салдырмаған педагогтарға қызмет көрсетілсе, кейін сабақ аяқталған соң тұрғындарды жаппай вакцинациялауға пайдалана аламыз. Сауда орындарында да екпе салдыру мүмкіндігі болады. Ол жерге сол аумаққа жауапты медициналық ұйымдардың мамандары барып, қызмет көрсетеді деген жоспарымыз бар, – дейді Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Маратбек Сайболатов.
Маратбек Қажыбекұлының айтуынша, барлық екпе кабинеттерінің жұмысына ішкі бақылаумен қоса, құзырлы органдар тарапынан қадағалау жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда Өскемен қаласында 8634 тұрғын бірінші компонентін, 1776 адам екінші компонентін алыпты.
Айна Ескенқызы