Қоғам

Сауда кешендерінде азаматтарды қабылдады

Сауда кешендерінде азаматтарды қабылдады


Халықтың сенімін арттыру мақсатында Өскемен қаласының прокуратурасы ашық есік күнін өткізді. Акция мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.

Екі күн бойы прокуратура қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының филиалында және «Император», «Альшемали», «Достық» сауда кешендерінде азаматтарды қабылдады. Іс-шараға 100-ге жуық тұрғын қатысты. Прокуратура қызметкерлері азаматтардың өтініштеріне түсініктеме беріп, 21 талап-арызды дайындауға көмектесті, азаматтардан 10 жазбаша арыз қабылдады.

Қала тұрғындары көбінесе мемлекеттік қызметтерді көрсету, жер учаскелеріне құжат рәсімдеу, тұрғын үй кезегіне тұру, пәтер алу, алимент өндіру, саяжайларды электрмен қамту, жалақы берешегін өндіру мәселелерімен жүгінген,деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

Зерделеуді қажет ететін арыздар қазір қала прокуратурасының қарауында. Әр өтініш бойынша арызданушыларға нақтыжауап беріледі.

Көкпекті ауданының прокуратурасы да ашық есік күнін өткізді. Үш күнге созылған акцияда аудан прокурорының міндетін атқарушы Бақытбек Қарымсақов жергілікті Кәсіпкерлер палатасы филиалының директорымен шалғай елді мекендерге барып, азаматтарды қабылдады, себебі, көп ауыл тұрғындарының аудан орталығына баруға мүмкіндіктері бола бермейді.

Азаматтар көбінесе жер қатынастары, сот шешімдері, олардың орындалуы, жеке және заңды тұлғалардың әрекеттерімен келіспеуі туралы мәселелерімен келген. Барлық сұрақтарғатүсініктеме берілді, 15 өтініш жедел шешілді, сондай-ақ, 30 арызды аудан прокуроры жеке бақылауға алды.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button