COVID-19 

Сатушылар мен жолаушыларға айыппұл салынды

ШҚО тұрғындары ескертпелерге қарамастан карантин талаптарын орындамай келеді. Бұл бірінші кезекте маска тағуға қатысты болып отыр.
12 ақпанда Өскеменде шектеу шараларын бұзу бойынша 32 факті тіркелген. Сондай-ақ азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде, қоғамдық көліктерде маскалық режимді сақтамаған сатушылар мен жолаушыларға айыппұл салынды. Жалпы сомасы – 218 775 теңге.
Семей сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режимді бұзудың 25 жағдайы анықталды. Жалпы көлемі 1 108 460 теңге болатын 14 хаттама толтырылып, 218 755 теңге айыппұл салынды.
Риддерде жалпы сомасы 218 775 теңге болатын 5 айыппұл салынды, оның ішінде 3 айыппұл – маскасыз қызмет көрсету бойынша, 2 айыппұл – азық-түлік емес дүкеннің демалыс күні жұмыс істеуі (жексенбіде).
Алтай ауданында маскалық режимді бұзу бойынша 9 жағдай тіркелді: Серебрянск қаласындағы 5 сауда нысанында және 4 коммуналдық кәсіпорында.
Бесқарағай ауданында 6 ереже бұзушылық анықталған. Маскалық режимді сақтамаған 4 тұрғынға қатысты хаттамалар толтырылып, 30 АЕК немесе 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Барлық айыппұлдар 7 күн ішінде төленгенін айта кеткен жөн. Төлем мұндай жағдайда жалпы соманың 50%-ын құрайды.
Глубокое ауданында Богомолов И.С., Ляпунов С.В., Бакунчев А.Н., Рыльская К.А., Садықов Е.В., Селиванова Л.В., Акимов А.В. есімді азаматтар маскалық режимді бұзған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 262 530 теңге.
Зайсан ауданында 3 талап бұзу фактісі анықталып отыр. Зайсан қаласындағы аудандық орталық аурухана мен «Central Market» сауда үйінде,  Сартерек ауылындағы дүкенде тұрғындар маскасыз жүрген. Айыппұл – 15 АЕК.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button