Қоғам

Сатушылар маскасыз қызмет көрсетіп жүр

ШҚО кәсіпкерлерінің құлағына алтын сырға, сатушылар қызмет көрсеткенде маска тақпай жүр.
Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін қатаң тәртіп пен тұрғындар тарапынан жауапкершілік қажет. Сол себепті санитарлық дәрігер бекіткен шектеу шараларының сақталуын бақылауда ұстау керек.

4 ақпан күні Өскемендегі азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендерде сатушылардың маскалық режимді бұзуы бойынша 9 факті анықталды.
Семейде сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде маскалық режимді бұзу бойынша 19 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, 525 060 теңгеге 12 хаттама толтырылған. Одан бөлек, жалпы сомасы 393 795 теңге болатын айыппұл салынып отыр.
Риддерде 1 тәртіп бұзушылық анықталды: сатушы медициналық маскасыз қызмет көрсеткен. Айыппұл – 43 755 теңге.
Курчатов қаласында кәсіпкерлік нысандарында 2 тәртіп бұзушылық тіркелді.
Глубокое ауданында Ю.С. Медведева есімді тұрғынға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Шемонайха ауданында дүкенде маскасыз жүрген 2 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Балауса Қожаева

Осы айдарда

Back to top button