Сатушылар маска тағуды қойған

Шығыста күнделікті рейд. Алайда рейд жүргізіліп жатса да, шектеу шараларын бұзушылар азаймай тұр.
29 сәуір күні Өскемендегі 168 нысанда тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жүзден аса нысанда 8 ереже бұзу фактісі тіркелген. Осыған дейін талап бұзған дүкен сатушыларына айыппұл салынды. Себебі тұрғындарға маскасыз қызмет көрсеткен. Ал маскасыз тұрған сатушы келушіге талап қоя алмасы айтпаса да анық. Осыдан кейін тұрғындар да босаңсып, маска тағуды қойған. Салынған айыппұл мөлшері 172 020 теңге.
Ал Семейде мониторингтік топ 350 нысанды аралады. Рейд барысында 3 тұрғынның қоғамдық орындарда маскасыз жүргендері анықталды. 43 755 теңгеге хаттама толтырылып, 379 210 теңгеге екі айыппұл салынлы.
Риддерде, әдеттегідей, 5 рейд жүргізілді. Мониторингтік топ мүшелері 73 нысанды тексерді. Абырой болғанда, тұрғындардың барлығы талапты сақтап жүр. Өткен рейдтен қалалық санитарлық-эпилемиологиялық бақылау басқармасы ережебұзушыларға 87 510 теңгеге екі айыппұл салды.
Курчатовтағы 5 нысанда 1 ережебұзу фактісі тіркелді.
Ал, Бесқарағай, Көкпекті, Зайсан, Абай, Ұлан,Аягөз, Үржар, Шемонайха аудандарының тұрғындары шектеу шараларын бұзбаған. Мүмкін содан да , сары аймаққа оралған шығармыз. Талапты сақтап, жасыл аймаққа оралайық.
Didar ақпарат