Қоғам

Сарбаздарың сақ болса, шебің сөгілмейді

Сарбаздарың сақ болса, шебің сөгілмейді


1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Жарлыєы шықты. Қазақстанның жеке шекара әскерлерін құру туралы қажеттілік 1991 жылы Кеңес Өкіметі құрамынан бөлініп шыққан соң туындады. Қызыл Тулы Шыєыс шекара округінің негізінде кеңес өкіметі кезінде өте мықты болып саналєан Алматыдаєы штаб және жаңа бөлімшелер құрыла бастады. Қазақстан Республикасының шекарасын күзету мақсатында өз әскерлерімізді қалыптастыру жұмыстары басталды.

Мемлекеттік шекараны күзетудің басты критерийі -батылдық пен табандылық. Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап шекарашылар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күзетке шықты. 1993 жылдың мамыр айында Ауєанстаннан ТМД елдеріне төнген қауіп-қатерге байланысты жаңа, егеменді мемлекет үкіметтерінің бірлескен шешімі бойынша тәжік-ауєан шекарасындаєы өте қауіпті аймаққа Ресей шекарашыларына көмек ретінде қазақстандық атқыштар батальоны жіберілді. Бұл батальон өзінің жауынгерлік міндетін сегіз жыл адал атқарды. Осы уақыт аралыєында шекарада 24 батальон құрамы ауысты. 2001 жылдың ақпан айында ТМД үкіметінің шешімі бойынша 24-ші жеке атқыштар батальоны Тәжікстан Республикасынан кетті.

Қазақстандықтар сегіз жылєы қызмет бабында тәжік-ауєан шекарасында жүздеген қарулы шекара бұзушыларды және есірткі тасушыларды ұстады. Жауынгерлік қақтыєыстар өте көп болды. Шекара шебінде ерлікпен қаза тапқан қазақстандық шекарашылардың есімі 2007 жылы 15 желтоқсанда Душанбе қаласының Орталық саябаєында ашылєан ескерткіште жазылды. Ескерткіш ашылєан кітап тәрізді жасалєан, кітап бетіне алтын әріппен 35 қазақстандық батырдың есімі жазылєан.

Қазақстан шекарасы күннен-күнге жетілдірілуде. Техникалық жарақтандырылуы заман талабына сай. Контрабандалық жүк тасымалдау мен заңсыз мигранттардың өтуіне қарсы тұра алатын сенімді қорєан. Мемлекеттік шекараны күзету жүйесінде шекара іс-әрекеттері жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Таулы және шөлді аймақтарда бейнебақылаулар мен электрлі-сигнал кешендері қолданылады, сонымен қоса жаєдайды қашықтықтан бақылап отыру мақсатында электрлі құрылєылар пайдаланылады.

Қазақстандық шекарашыларда жетерліктей тәжірибе, даєды жинақталды, бұл- кәсіби шеберлік. Зайсан шекара отряды әскерлерінің де нәтижелері, еңбектері өте зор. 2016 жылы сегіз ай ішінде 180 шекара тәртібін бұзушы Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттердің азаматтары анықталып, 1.134.754 теңге айыппұл салынды. Осы кезеңде алты факті бойыншы контрабандалық тауарларды тасу анықталєан.

Батыл еңбектерімен зайсандық шекарашылар тарих беттерінен орын алды, мемлекет күзетін ныєайтты. Зайсан қаласында шекарашылардың ерлігі лайықты баєаланып, бес көшеге олардың есімі берілді. Бұлардың қатарында Василий Кондюрин, Сепбосын Мантеев, Семен Баитов, Владимир Глухов, Ақылбек Түсіпбеков сияқты ержүрек жандар бар. Көптеген шекарашылар Отан алдындаєы борышын үлкен жауапкершілікпен атқарды. Олардың ерлікпен атқарєан қызметтері, елі, жері үшін жасаєан батыл ерліктері, міндеттерін орындаудаєы табандылықтары ұрпақтан-ұрпаққа жалєаса береді. Олар туєан Отанєа деген адалдықтарын әркез дәлелдеп келді, келесі ұрпаққа үлгі ретінде көрсете білді.

24 жыл бұрын Қазақстан шекара әскерлері құрылды. Олар бүгінде ел тыныштыєын күзетіп, байтақ жеріміздің сақтыєын суда да, ауада да қадаєалауда. Күн сайын қақаєан суық, аптап ыстықта бұл жандар қазақстандықтардың тыныш өмірін қамтамасыз етеді. Мереке күндерге қарамастан олар жауынгерлік міндеттерін орындауда. Мемлекетіміздің 17 мың шақырым жерді күндіз-түні бақылауда. Қыраєы күзетте тұрєан қырандар тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық мерекесін лайықты қарсы алмақ.

Оңдасын Елубай

Зайсан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button