Сақиналы бульвар пайда болады
Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласының әкімімен және өзінің құрылыс саласы жөніндегі орынбасарымен бірге облыс орталығы үшін жаңа маңызды жобаларды талқылады.
– Алғашқы кезекте бұл – бульвар айналымы, оған Мыза, Новаторов, Буров және Қабанбай батыр көшелері енеді. Еліміздің бірде-бір қаласында мұндай жоба жоқ, яғни біз қала тұрғындары үшін шын мәнінде бірегей демалыс аймағын құратын боламыз, – деді облыс әкімі.
Ол балаларға қолайлы жүгіру және велосипед жолдарымен, құрғақ субұрқақтармен жабдықталады. Бұдан басқа бульвар сақинасында классикадан бастап авангардқа дейінгі түрлі стильдегі шағын сәулет нысандары мен мүсіндер орналасатын болады. Ең бастысы, ол Ертіс жағалауымен түйісіп, ерекше келбетке ие болмақ. Қалалық инфрақұрылым жобаларының баламасы болмайды.
Бұдан басқа, абаттандыру «Ертіс Концерт» маңындағы аумақты да қамтиды, онда ескі субұрқақтың орнына алты құрғақ субұрқақ және ашық концерт алаңдары, іс-шараларды өткізуге арналған өзге де сахналар пайда болады.
– Өскеменді ажарландыру жөніндегі барлық жаңашыл идеяларды қабылдап, қарастырамыз. Аталмыш екі жаңа жобаны да қысқа мерзімде жүзеге асыруға тырысамыз. Олар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін қайталанбас және танымал сүйікті демалыс орындары боларына сенеміз, – деді аймақ басшысы.
Ержан Кеңесұлы