Қоғам

Сапасыз үй үшін жауап береді

Облыс әкімі Даниал Ахметов кеңейтілген аппараттық кеңесте мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандарына Өскемендегі Б.Момышұлы көшесінде орналасқан 14-ші үйдің мәселесін аяғына дейін жеткізуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың соңында Б.Момышұлы көшесі 14 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары дабыл қаққан-ды. Жаңа құрылыс көз алдарында бүліне бастаған. Сол жылдың желтоқсанында ғимараттың қасбеті алғаш рет опырылып түскен. Кейін жағдай бірнеше рет қайталанған.

ГРАВИРОВКА И ЛАЗЕРНАЯ РЕЗКА НА ФАНЕРЕ, МЕТАЛЛЕ, КОЖЕ, СТЕКЛЕ И ДРУГИХ МАТЕРИАЛАХ

– Авторлық және техникалық қадағалау мекемелері өз міндеттерін орындамаған. Нәтижесінде көпқабатты үйдің тұрғындары зардап шегуде. Бұл екі ведомство құрылысшылар жіберген кемшіліктер үшін заң бойынша жауап беруі керек. Егер қажет болса, біз сотқа жүгінеміз, – деді Даниал Ахметов кеңес барысында.

Сондай-ақ аймақ басшысы басқарма мамандары осы құрылымдардың одан арғы жұмысы бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс екенін атап өтті.

 

Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button