ҚоғамТОП

«Сапалы өнім» жобасы жүзеге асырылады

Сауда және интеграция министрлігі жергілікті өндірушілерді қолдауға және нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған «Сапалы өнім» жобасын әзірледі.

Жобаның міндеттеріне тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес сектордың, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауы кіреді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту да жобаның  негізгі міндеті болып табылады.

Осы жоба шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Аманат» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігі арасында «Сапалы өнім» жобасын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Жобаны іске асыру мақсатында қоғамдық бірлестіктер заңнама нормаларын ескере отырып, аудио, бейнежазбаны қолданып, дайындаушының немесе орындаушының жұмыс режиміне кедергі келтірмей жұмыс атқарады.

Мәселен, зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша мамандар алған екі сынамада таңбалау бойынша сәйкессіздік анықталды. Яғни, өнімдер мемлекеттік тілде таңбаланбағандықтан ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, қысқартылған тәртіппен айыппұл салынды.

Кез келген тұрғын сапалы және қауіпсіз өнім сатып алу үшін ШҚО бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114, телефон 8 (7232) 267207), сондай-ақ «Аманат» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігіне (Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 62, 34 кеңсе, телефон 8 (7232) 752718) жүгінуге құқылы.

 

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button