Қоғам

Саңырауқұлақтан жасалған сөмкелер сатылымға шығады

Hermes сән үйі ерекше сөмкелерді жасап шығармақ. Бұл туралы baigenews.kz Fast Company басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етті.

Екі ғасырға жуық нәзік жандылардың қиялына қанат бітіріп жүрген сән үйі бұл жолы тіптен таңғалдырды. Енді  Hermes MycoWorks атты калифорниялық стартаппен экокожа мен саңырауқұлақтан алынған талшықты қосып сөмке жасайды. Ол үшін саңырауқұлақтың мицелиясы қолданылады. Мицелия дегеніміз не? Мицелия – саңырауқұлақтардың вегетативті денесі.

–        MycoWorks – тің көзқарасы мен құндылықтары Неrmеѕ тұжырымдамасына сәйкес келеді.Яғни табиғи шикізатқа деген құштарлық және оны өзгерту, заттардың практикалық және максималды беріктігін қамтамасыз етуге деген ұмтылыс”, – деді Неrmеѕ көркемдік жетекшісі Пьер-Алексис Дюма.

MycoWorks және Неrmеѕ бірлесіп Sylvania деп аталатын материал жасады, ол бұзаудың терісіне ұқсайды, бірақ саңырауқұлақтардан жасалғандықтан әлдеқайда экологиялық таза.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button