Қоғам

Санаға серпіліс әкеледі

Санаға серпіліс әкеледі

Семейдегі Абай атындағы облыстық кітапханада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген жаңа оқулықтардың таныстырылымы өтті. Шараға Семей мемлекеттік медицина университеті, Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті, «Авиценна» медициналық колледжі, «Көлік» колледжі, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетке қарасты жоғары Агротехникалық колледждің ғалымдары мен студенттері қатысты.

-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шыққаннан кейін әлем¬ мойындаған ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару жұмысын қолына алған Ұлттық аударма бюросы 18 жаңа оқулықтың тұсауын кесті, – деді кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева – Президентіміздің ана тілімізді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, отандық білім мен ғылымға жасап отырған үлкен қолдауын студенттерге кеңірек түсіндіру мақсатында осы шараны қолға алып отырмыз.

Шараға қатысқан Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің психология кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Күребаева былай деді:

– Жоба аясында аударылған «Әлеуметтік психология», «Қазіргі психология тарихы» оқулықтары – студенттерге өте қажет оқу құралдары. Бұл оқулықтар білім бағдарламаларына міндетті түрде енгізілуі тиіс. Бүгінде «Әлеуметтік психология» оқулығына сұраныс жоғары екендігін ғалымдарымыз айтуда.
Ал Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Махмұт Түйебаев:

– Кеше ғана кемел бастаманың алғашқы баспалдағы бағындырылды. Осы жоба аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың маңызы өте зор. Әлемге танылған ағылшын тіліндегі философия, әлеуметтану, дін тақырыбындағы кітаптарды оқырман қауым «әлем ойшылдары бізге не береді?» деген қызығушылықпен оқи алады. Адамның санасына ықпал ететін жаңа оқулықтар еліміздің оқырман қауымы үшін өте пайдалы ғылыми негіздер болып табылады. Жоба аясында Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: құдайтану баяны» еңбегiнің еуропалық деңгейдегі құдайтану түсінігінің қазақ тілінде жарық көруі – тамаша бастама. Жастарымыз Еуропадағы исламдық және христиандық іліммен жете танысуға мүмкіндік алды, – деп түйді. .

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, доцент Эльмира Сәмекбаева болса:

– «Қазақ тіліне аударылған тіл білімі саласындағы «Тіл біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» оқулықтарының жарыққа шығып, шәкірттерге жол табуы өте дұрыс. Бұл оқулықтар тілдерге ортақ құбылыстар мен ортақ заңдылықтардың негізі қайда жатқанын көрсетуге мүмкіндік береді және түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, тіл табысуы маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Еліміздің азаматтары Оксфорд, Кембриджде берілген білімді енді Қазақстанның әрбір өңірінде оқитын болады. Болашаққа бағытталған аталмыш жоба ағылшын тілінен ана тілімізге тікелей аудару, ұлт терминологиясының дамуына кең жол ашу, академиялық стильді, терминологияны жүйелеу сынды стратегиялық мақсаттарды көздейді, – деп өз ойын ортаға салды.

Ал Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Аман Рахметуллин: -Ел азаматтары әлемдік білімнің жауһарларын қазақ тілінде оқып, санасы азат ұрпақ өсіруге мүмкіндік береді. Ағылшын тіліндегі тың дүниелер қазақ тілді оқырманның қолына бірінші рет жетіп отыр. Жастарымыздың санасына серпіліс жасайтын бұл жоба – жас ұрпақ үшін өте маңызды жоба. Жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеп, ішкі жан дүниесін байытады, – деп нақтылады.

Раушан Нұғманбекова
Семей

Осы айдарда

Back to top button