МәдениетТОП

«Самарқанды су басыпты»

Әлеуметтік желіде Шортанбай Қанайұлының «Жиырма бес» атты термесін тамылжыта шырқаған жігіттің видеосы түрлі топтарға тарады. «Катонқарағайда фермада қойшы екен. Мына дауысты мал қайыруға қолдану қиянат қой» десті желі қолданушылары.
Ал, шын мәнінде, ол Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақконцерт» ұжымының әншісі Дінисламбек Жайлаубай есімді азамат болып шықты.
– Бұл – қазақтың өсегі ғой. Киіз үйдің ішінде айнала жұрт отыр екен. Сонда шай құйып отырған келін «самаурынның түбі тесіліп қалыпты» деп айтыпты. Оны келесі адам «Самарқанды су басыпты» деп жалғап жіберіпті. Сондай әңгіме ғой бұл. Сенбеңіздер, – деді видеоүндеу жолдаған әншінің өзі.
Ол 1982 жылы Моңғолияда туған. Кейіннен Жарма ауданы Бірлік ауылына көшіп келіп сегіз жыл тұрған.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button