Қоғам

Салынатын үйлердің беріктігіне кепіл берді

Тасқын Болатұлы

Қалбатау ауылында «Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында үйлердің құрылысы басталды. Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожинның айтуы бойынша, бұл жер жаңа ықшамаудан болып қалыптасады.

– Мердігермен арадағы келісімшартқа сәйкес, аудан орталығында екі пәтерлі бес тұрғын үй құрылысы және тағы бес үйдің орны әзірленді. Құрылыс алаңында болып, дайындық жұмыстарын аралап көрдім. Жалпы жерасты суы жақын болғандықтан алаңды әзірлеу жұмыстары біршама шығынды қажет етеді, яғни тұрғын үй орны толықтай қазылып, іргетастарын бекемдеу жұмыстары жүргізіліп, орны қажетті тас төсеніштермен көтеріледі. Бұл баспаналардың беріктігінің кепілі болады, – дейді аудан әкімі.

Оның айтуы бойынша, Әуезов көшесі бойындағы бұрынғы аурухана орналасқан бос алаңқайда тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа ықшамаудан қалыптасады. Бұл жердің көлемі, шамамен, төрт гектар.

 

Осы айдарда

Back to top button