Қоғам

Салығын төлемесе, шоты бұғатталады

Азамат Темірбеков

Азаматтар өз аттарына жазылған, бірақ қолданбайтын көлік құралдарын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеуден шығарулары керек.

Бұл жайлы Тарбағатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Айнұр Өмірбекова айтты.

– Көптеген адамдардың аттарында кезінде қолданып, кейін сатып жіберген, я болмаса жоғалған немесе 20 жылдан астам тұрып қалған автокөліктерінің салығы тұрады. Мұндай кезде оларға салық төлеу туралы ескертулер жіберіледі. Осындай ескертулер жолданған соң салық 30 жұмыс күні ішінде төленуі тиіс. Өйтпеген жағдайда азаматтың банктік немесе басқа да ақша алатын шоттары бұғатталып, олар туралы ақпараттар сот орындаушыларына жолданады, – дейді Айнұр Өмірбекова.

Сол себепті, осындай хабарлама алған, алайда аттарында ондай көлік құралдары жоқ азаматтар Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, соңғы төрт жылда салық берешегі жоқ деген анықтама алулары қажет. Сонан кейін осы анықтамамен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аттарында тұрған көлік құралдарын тіркеуден шығартулары керек.

Осы айдарда

Back to top button