Салауатты өмір салтын ұстанады
Аягөзде «Жастар денсаулық орталығы» жұмыс істегелі біраз уақыт болды.
Мәселен, жақында қаладағы поли-техникалық колледждің студенттері арасында «Біздің мақсатымыз – туберкулезді тоқтату» тақырыбында сауалнамалар жүргізілсе, қаланың бірнеше мектебінде «Спирттік ішімдіктің жас организмге әсері» және «Темекі және жасөспірім» атты тәрбиелік мәні бар шаралар өтіп, оқушыларға жан-жақты ақыл-кеңестер берілді. Бейнероликтер көрсетіліп, оқушылармен ашық пікірталас ұйымдастырылды.
– Алдағы уақытта мұндай кездесулер мен жиындар барлық мектепте өткізілетін болады, – дейді орталықтың әлеуметтанушы маманы Кәкімбек Хамзин.
Орталықта жастар, сондай-ақ, өздерін толғандырып жүрген сұрақтары болса, психологтан, әлеуметтанушыдан, түрлі маман-дәрігерлерден кеңестер де ала алады.