Салмағы 7 келіге жуық сәби туды
Аягөз ауданы бала туу көрсеткіші бойынша облысымызда көш бастап тұр. Аудандық аурухана акушері Маржан Есенбаеваның айтуынша, мұнда күніне 4-тен 9 балаға дейін дүниеге келеді екен.
Өткен аптада Аягөз қаласында салмағы 7 келіге жуық нәресте өмірге келді. Жас ана Жанар Амерханова ешқандай кесір тілігінсіз табиғи жағдайда босаныпты.
– Алғашқы болжам бойынша біз іштегі сәбиге 5300 гр салмақ бердік, іштегі шарананың тым үлкен болуы себебінен біраз қобалжыдық. Баланың салмағы 6 келі 500 грамнан асып түседі деп мүлдем ойламаппыз. Қазір ананың жағдайы жақсы, денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ, – дейді акушерлер.
Алып ұлдың анасы Жанар Амерханова осымен екінші батырды дүниеге әкеліпті, оның бірінші баласының салмағы 5 келіге таяу туылыпты.
Дарын Нұрсапаров