COVID-19 

Салғырттық сан соқтырады: ШҚО-да маскалық режим сақталмай тұр

Карантин режимі жеңілдетілгенімен, санитарлық талаптарды сақтаудың маңызын естен шығармау керек: маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық сақтау, антисептик пайдалану және адамдар көп жиналған орындарға бармау.

Жуықта ғана Шығыс Қазақстан облысы тәулік сайын тіркелген науқастар саны бойынша көш бастап тұрған еді. Ахуал қатаң шаралар арқылы тұрақтандырылдв. Бірақ тұрғындар  жеке қорғаныс құралдарын пайдалану мен қауіпсіздік шаралары туралы жиі ұмытып кетеді. Мұндай бейқамдық адамдар үшін қауіпті. Коронавирус әлі де жойылған жоқ.

11 ақпан күні Өскеменде бұрын тіркелген ереже бұзушылықтар бойынша айыппұлдар салынды. Азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қоғамдық көліктерде сатушылар мен жолаушылар медициналық маска тақпаған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 437 550 теңге.

Семейде сауда үйлерінде, базарларда және қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режимді сақтамаудың 14 жағдайы анықталған. 393 795 теңге болатын  9 хаттама толтырылып, 175 020 теңгені құрайтын 4 айыппұл салынды.

Риддер қаласында келушілерге маскасыз қызмет көрсету бойынша 1 ереже бұзушылық тіркелді. 43 755 теңге айыппұл салынды.

Алтай ауданында, нақтырақ айтқанда, Серебрянск қаласында маскалық режимді бұзу бойынша 6 факті анықталып отыр.

Бородулиха ауданында жыл басынан бері 39 хаттама толтырылып, қаралған екен. Осы хаттамалар бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы – 1 998 145 теңге. Төленген айыппұлдың көлемі – 1 225 140 теңге.

Глубокое ауданында 3 ереже бұзу фактісі тіркелді.  С.Г. Немишаев, М.Е. Ауттенов, А.С. Байтуяков есімді тұрғындар маскалық режимді сақтамаған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 131 265 теңге.

Зайсан ауданында 3 тәртіп бұзу фактісі анықталған. Тұрғындар шаштараз бен “Самырат” дүкенінде маскасыз жүрген. Айыппұл – 15 АЕК.

“Didar ақпарат”

Осы айдарда

Back to top button