Қоғам

Сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Ержан Әбіш

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 12 мамырдағы заңға сәйкес осы жылдың сәуір айынан бастап зейнетақы мөлшері 4 пайызға, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш пен базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақы төлемдерінің мөлшері артты.

Ержан ӘБІШ

– 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге, ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге мөлшерінде бекітіліп отыр. Осыған орай, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 4 пайызға және айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылды, – дейді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаментінің басшысы Серік Саятов.

Жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен, яғни 146 280 теңгеден аспауы тиіс.

Осы жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 4-ші бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайыздық арақатынаста белгіленеді.

Екі айдың  қосымшаақысы маусымда төленеді

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері елімізде ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап көтерілді. Ескеретін жайт, өтіп кеткен екі айдың қосылған ақысы маусым айының төлемдеріне қосылып төленеді. Осы ретте, шілде айында зейнетақы мен жәрдемақыны алған кезде «Өткен айдан неге аз?» деген сұрақ туындамас үшін, департамент мамандары бәрін тәптіштеп түсіндіріп берді.

Мысалы, егер толық көлемде еңбек өтілі бар зейнеткердің жасына байланысты зейнетақысының мөлшері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 70 000 теңге болса, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 пайызға арттыруды ескере отырып, 72 800 теңгеге өсті (70 000 теңге*4% – 2 800 теңгеге ұлғаяды).

Сәуір айы үшін 2 800 теңге қосымшаақы және мамыр айы үшін 2800 теңге қосымшаақы қосылған күйі 5 600 теңге сомасында маусым айында төленетін болады, осылайша зейнеткердің жеке шотына 78 400 теңге мөлшерінде төлем түседі (72 800 теңге – жасына байланысты зейнетақының жоғарылатылған мөлшері + 5 600 – сәуір, мамыр айлары үшін қосымшаақы).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 28 жыл деп алсақ, 2022 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 32 417 теңге  болатын (бұл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 90 пайызы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 36 018 теңге), 2022 жылғы 1 сәуірден бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 33 651 теңгеге өсті (ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 37 389 теңге*90% = 33 651 теңге, ұлғаю – 1 234 теңгеге).

Сәуір айы үшін 1 234 теңге қосымшаақы және мамыр айы үшін 1234 теңге қосымшаақы қосылған күйі 2 468 теңге сомасында маусым айында төленетін болады, осылайша зейнеткердің жеке шотына 36 119 теңге мөлшерінде төлем түседі (33 651 теңге – базалық зейнетақы төлемінің жоғарылатылған мөлшері + 2 468 теңге – сәуір және мамыр айлары үшін қосымшаақы).

Сонда, мысалда көрсетілген алушыға 2022 жылдың маусым айында жеке шотына 114 519 теңге мөлшерінде төлем түседі, яғни маусым айының төлемдеріне қоса сәуір және мамыр айларының қосымшаақысы бірге түседі.

Ал 2022 жылдың шілде айынан бастап төлем «нақты арттырылған мөлшерде» 106 451 теңге сомасында жүргізілетін болады (72 800 теңге – жасына байланысты зейнетақы + 33 651 теңге – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі).

 1 сәуірден бастап белгіленген еңбек өтіліне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі Ең төменгі күнкөріс деңгейіне пайыздық қатынасы 1 сәуірден бастап белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (теңге) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері (теңге)
10 жыл және одан төмен 54% 37389 20191
11 жыл 56% 37389 20938
12 жыл 58% 37389 21686
13 жыл 60% 37389 22434
14 жыл 62% 37389 23182
15 жыл 64% 37389 23929
16 жыл 66% 37389 24677
17 жыл 68% 37389 25425
18 жыл 70% 37389 26173
19 жыл 72% 37389 26921
20 жыл 74% 37389 27668
21 жыл 76% 37389 28416
22 жыл 78% 37389 29164
23 жыл 80% 37389 29912
24 жыл 82% 37389 30659
25 жыл 84% 37389 31407
26 жыл 86% 37389 32155
27 жыл 88% 37389 32903
28 жыл 90% 37389 33651
29 жыл 92% 37389 34398
30 жыл 94% 37389 35146
31 жыл 96% 37389 35894
32 жыл 98% 37389 36642
33 жыл және одан көп 100% 37389 37389

Жәрдемақы мөлшері қалай өседі?

Айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты түрлі жәрдемақылар мен өтемақылардың да мөлшері артып отыр.

Таратып жазар болсақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының, 1-ші топтағы мүгедекке күтім жасайтын отбасыларға не адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне сай ұлғайды.

Ал №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу формасы бойынша білім алатын балалар, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) көпбалалы отбасыларына тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ Семей ядролық полигонындағы сынақтан  зардап шеккен азаматтарға және ақталған жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты осы жылғы 1 сәуірден бастап көбейіп отыр.

568 мың адамның төлемдері көбейеді

Осылайша, облыс бойынша 568,4 мың тұрғынның зейнетақысы мен әлеуметтік төлемдері өсіп отыр. Тағы бір қайталап айтарымыз, зейнетақылар мен жәрдемақылар алдағы маусым айында көбейтілген мөлшерде және сәуір мен мамыр айларының қосымшаақысымен бірге төленетін болады.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап артуына қатысты сұрақтар бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады. Мекеме мекенжайы: Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32-үй, жұмыс уақыты – дүйсенбі-жұма арылығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 18.30-ға дейін.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдеріне жүгінулеріңізге де болады. Жұмыс уақыты – дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің мекенжайлары
1 Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 159/4
2 Семей қаласы, Ұранхаев к-сі, 57
3 Аягөз ауданы, Аягөз қ., Абай бульвары, 47А
4 Абай ауданы, Қарауыл а., Абай к-сі, 41
5 Бородулиха ауданы, Бородулиха а, Середин к-сі, 1
6 Жарма ауданы, Қалбатау а., Әлімбетов к-сі, 38А
7 Глубокое ауданы, Глубокое к., Пирогов к-сі, 6
8 Бесқарағай ауданы, Бесқарағай а., Сейфуллин к-сі, 130
9 Зайсан ауданы, Зайсан қ., Манапов к-сі, 22
10 Алтай ауданы, Алтай қ., Первомайская к-сі, 23
11 Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын а., Маяковский к-сі, 32
12 Күршім ауданы, Күршім а., Малдыбаев к-сі, 2
13 Курчатов қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 4
14 Көкпекті ауданы, Көкпекті а., Әбішев к-сі, 18
15 Риддер қаласы, Қонаев к-сі, 40
16 Тарбағатай ауданы, Ақсуат а., Қабеков к-сі, 20
17 Ұлан ауданы, Қайсенов к., Ахметов к-сі, 5/1
18 Үржар ауданы, Үржар а., Қабанбай к-сі, 66
19 Шемонайха ауданы, Шемонайха қ, Вокзальная к-сі, 218А

 

Осы айдарда

Back to top button