Қоғам
Сәуірде ауа райы қалай болады?

Су тасқыны жағдайы бойынша брифингте «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының гидрология бөлімінің бастығы Адель Ахметов сәуірдің екінші жартысында ауа райы қандай болатынын айтты.
– Облыс бойынша 15-30 сәуір аралығында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кейбір аймақтарда түнде қар, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз жаңбыр жауып, 15-20 желдің күшеюі күтіледі, – деді Адель Ахметов.
Ауа температурасы түнде 0+5°С-тан-2-7°с-қа дейін, күндіз +18-23°с-тан 5-10 градусқа дейін ауытқуы ықтимал.
Балауса Мэлсқызы