ТОП

Сәл шыдай тұрайық…

«Қазгидромет» РМК-нің Шығыс Қазақстан филиалы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында -42 градусқа дейін аяз түсетінін ескертіп, қайта-қайта дабыл қағып жатыр.

«Тұрғындар қауіпсіздік шараларын бұлжытпай сақтауы керек: аса бір қажет болмаса сыртқа шықпаған абзал. Елді мекеннен тыс жерге де жолға шықпаңыздар. Ал енді амал жоқ көшеге шыға қалсаңыз мына ережелерді есте тұтыңыз:

Тысқа шығар алдында тамақ ішіп алыңыз;

Бір жерде тұрып қалмай ары-бері қозғалып жүріңіз;

Жылы әрі бірнеше қабат киім киіңіз;

Алтын-күміс жылтырақтарды үйге қалдырып кетіңіз;

Ал енді сақылдаған сары аязда қалып, қиын жағдайға тап болсаңыз бірден 112 құтқару нөміріне телефон шалыңыз» – деп жазылған мамандардың ескертуінде.

Дегенмен сәл шыдай тұрайық. Қаңтар айы қақаған аязбен басталса да көп ұзамай ауа температурасы қалыпты деңгейге көшеді деген болжам бар. Синоптиктердің бір айға жасаған болжамына қарасақ, айдың ортасына қарай күн сынып, тіпті -13-15 градусқа дейін жылынатын түрі бар көрінеді.

“DIDAR” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button