Қоғам

Сәкен Бибосынов ФИНАЛҒА шықты

Қазақстандық Сәкен Бибосынов бокстан Белградтағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

51 келіге дейінгі салмақта Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті айқын басымдылықпен жеңіп кетті. Бес төрешінің төртеуі жеңісті Бибосыновқа берді.

Естеріңізде болса, боксшы турнир барысында өзбекстандық Хасанбой Дусматовты, үндістандық Дипакты, колумбиялық Ривас Мартинесті жеңген еді.

 

Осы айдарда

Back to top button