Қоғам

Сабыр…Көмекке СОБР келді

Екі күн бойы тоқтаусыз жауған қарды тазалауға полиция қызметкерлері де білек сыбана кірісіп кетті. Арнайы жасақ “Негізгі орта мектеп-интернат” КММ аумағын тазалады.

– Біздің жауынгерлер күрекпен, арнайы көліктермен жабдықталып, білім ордасының қарын тазартты. Біз бұл сенбілікке қуана-қуана үлкен ықыласпен қатыстық және қоғамда пайдамызды тигіздік деп ойлаймын, – дейді ШҚО ПД Жедел әрекет ету жасағының командирі Айдар Нұрмұхамбетов.

 

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button