Қоғам

Сағатына 200 жолаушы қабылдайды

Сағатына 200 жолаушы қабылдайды


Келесі жылы облыс орталығындағы халықаралық әуежайда сағатына 200 адамды қабылдай алатын жолаушылар терминалы пайда болады. Жаңа терминал адамдарға халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек.

– Жолаушылар ұшақтан түсіп, кеңес заманындағыдай жүктерін күтіп сағаттап кезекте тұрмауы тиіс, – деді облыс әкімі. – Өскеменнің әуе айлағы халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Біз жобаны «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландырып, алдағы уақытта құрылысты бастаймыз.
Жобалық құжаттамаға сай жұмыс мерзімі жеті айды құрамақ. Қазіргі уақытта конкурстық шаралар жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, жаңа терминал қолданысқа берілген соң Өскемен әуежайынан ұшу бағыттарының санын көбейтуге, жаңа авиакомпанияларды тартуға, Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия бағытындағы транзиттік әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтің сапасы артып, жолаушылар қауіпсіздігі халықаралық талаптарға сәйкес қамтылады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button