Экономика

Құс фабрикасының құрылысы басталады

Құс фабрикасының құрылысы басталады

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданға арнайы келген жұмыс тобы Үржардағы құс фабрикасы жоспарын нақтылау мәселесі бойынша жиын өткізді.
Құс өнімдері қай кезеңде де болмасын үлкен сұранысқа ие. Ауданымызда жоспарланып отырған құс фабрикасының қуаттылығы – жылына 30 мың тонна құс етін өндіру. Жобаның негізгі мақсаты – 817 жаңа жұмыс орнын ашу, өңір тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және үржарлықтардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Жобаның алдағы міндеттеріне аналық құсты көбейту, инкубатор, құс етін өңдейтін зауыт құрылысы, жем зауыты, логистика, ветеринариялық зертхана, әкімшілік алаңы, құстың қиын сақтау қоймасын салу сияқты ең негізгі кезеңдер кірмек.
Құс фабрикасының құрылысына бөлінетін жер телімі 220 гектарды құрайды. Инфрақұрылым «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылады. Болашақ құс фабрикасы 2016-2019 жылдар аралығында салынып бітпек.

Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button