Қоғам

Рыспаев енді Свитовқа секірді

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық «Барыстың» ойыншысы Дамир Рыспаев тағы да төбелес шығарды. Бұл жолы 19 жастағы қорғаушы анау-мынау емес, қазандық «Ақ Барстың» капитаны, азулы хоккейші Александр Свитовпен жаға жыртысты.

Төбелес кездесудің 13 секундында басталды. Бірақ екеуі де кім мықтыны анықтай алмады. Содан кейін төрешілер тоқтатып тастады. Осыдан кейін «Барыстың» бас бапкері Андрей Назаровта «Ак Барс» ойыншысына су құйылған бөтелке лақтырып, кездесу соңына дейін қуылды. Назаров бұған дейін қыркүйек айында 6 матчтан шеттетілген еді.

Свитов үшінші кезеңде айдынға шыққан жоқ. Қазан командасының бас бапкері Зинэтула Биляетдиновтің айтуынша, хоккейші жарақат алып қалған. Дамир осының алдында «Нефтехимиктің» екі ойыншысымен төбелескен екен.

Ал Назаров кездесуден кейін баспасөз мәжілісінде қазақстандық хоккейшіні «батырымыз» деп айтты.

Осы айдарда

Back to top button