Қоғам

Рысқұлбеков мемориалы мықтыларды анықтады

Жыл сайын Семейде Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт академиясының мұрындық болуымен Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған дзюдо додасы өтеді. Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы жастар арасындағы республикалық турнир биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Турнирде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Семей қалаларынан, Алматы, Павлодар облыстарынан, сондай-ақ аймағымыздың Абай, Зайсан, Көкпекті аудандарынан жиналған 140-қа тарта ұл-қыз барлығы 15 салмақта өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков өңірде дзюдо күресінің жақсы дамығанын айта келе, спортшыларға сәттілік тіледі.

Дода қорытындысы бойынша ұлдар арасында Байсиық Құмаров, Азамат Ықын, Айбар Айдарұлы, Асқар Нарқұлов, Роллан Саятов, Қуаныш Ратаев, Айбек Ізтілеуов, Әлібек Асқар топ жарса, қыздар бәсекесінде Айсұлу Орынғазықызы, Әнел Асқар, Балнұр Құрманбай, Кристина Сотникова, Мадина Ержан, Виктория Колесникова мен Арайлым Әбенова сынды татами шеберлерінің бағы жанды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button