Рухани кемелдену мен тұрақты дамудың кепілі
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке басты құндылықтарымыз – бейбітшілік пен келісімнің, халықтар достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың салт-дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды.
Шығыс Қазақстан – еліміздегі әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері ең көп шоғырланған өңір. Сондықтан ұлтаралық татулықты сақтап, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуды басты мақсат етуіміз қажет. Бұл тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуының, рухани кемелденуінің кепілі болмақ.
Айтулы мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, келісім мен татулық әрдайым салтанат құрса берсін! Мереке құтты болсын!
Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі