Руханият

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылдың сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел өміріне үлкен серпіліс әкелгені шындық. Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениет биігіне қол созбақ. Аз уақыттың ішінде Елбасы мақаласы ел еңсесін көтеретін үлкен бағдарламаға айналып үлгерді. Республикамыздың аймақтарында, оның ішінде Шығыста да елдің рухына дем беретін түрлі жобалар қолға алынды. Талай шаруа атқарылып, талай іс тындырылды. Халықтың жоғы түгенделіп, қолында барының бағасы артты. Ал қараша айында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты тағы бір мақаласы жарқ етті. Көзі қарақты халық бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы екенін жақсы түсінді. Осы орайда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай шаруалар атқарылғанына шолу жасап өткенді жөн санадық.

Үш жоба өз мәресіне жетті

Жалпы, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында областа республикалық реестрге кіретін 27 жоба және 18 кіші жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларға 15,72 млрд. теңге бөлінсе, оның 5,3 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған екен. Аудандық, қалалық әкімшіліктер де жыл басынан бері 311 жобаны іске асыру үшін 2,4 млрд. теңгенің инвестициясын тартыпты. Жоғарыда айтылған 27 жобаның ішінде «Әдеби Шығыс», «Қолөнер шеберханасы», «Таң» халықаралық ғылыми-көпшілік журналын шығару» секілді үш жоба аяқталып, өз мәресіне жетсе, 16 жоба іске асырудың кезекті кезеңіне өтті. Ал төрт жоба («Қаламгер», «Табиғат және табиғи мұра», «Мәдени код: Шығыс Қазақстан», «Тархан геологиялық қиығы» ашық аспан астындағы музейі») ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелеріне байланысты тоқтап тұрған көрінеді.

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады

«Әдеби Шығыс» жобасы шеңберінде өңір мектептерінің 2200 оқушысы арнайы бағыттар бойынша облыстағы киелі орындар мен нысандарға, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов, А.Иванов секілді ақындар мен жазушылардың кіндік қаны тамған жерлерге саяхат жасады. Жобаға 76 млн. теңге жұмсалыпты. Сондай-ақ «Қолөнер шеберханасы» жобасы аясында да өңірде талай шаруа атқарылған. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұлттық жиһаз жасау өнерінің түрлері туралы альбом шығарылып, қолөнерге баулитын арнайы бағдарлама әзірленген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде киіз басатын цех ашылған. Жобаға барлығы 1,3 млн. бюджеттен тыс қаражат жұмсалыпты.

«Таң» халықаралық ғылыми-көпшілік журналының екі саны жарық көріпті. 1925 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен шыққан журналдың төрт саны арабшадан аударылыпты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған 11 жоба кезекті кезеңге жолдама алған. Ол қандай жобалар? Енді осыған қысқаша тоқталып өтейік.

Шығыс Қазақстанның көне қазынасы. З.Самашев, Ә.Төлеубаев сынды қазақстандық археологтардың Берел, Шілікті қорғандары мен «Елеке сазы» ескерткіштерінде жүргізген үш жылдық қазба жұмыстары барысында ерекше жаңалықтар ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі 19 мың артефактімен толығып, халықаралық конференциялар өткізіліп, археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму бағдарламасын іске асырудың қорытындысы туралы кітаптар жарық көріп, тарих ғылымдарының докторлары З.Самашев, Ә.Төлеубаевтың монографиялары шыққан. Үш жылдың ішінде жобаны іске асыруға 450 млн. теңге бөлінген. Алдағы 2019 жылға 160 млн. теңге бөлу көзделіп отыр. Өскеменде археология және қазіргі заман өнері музейі құрылысының эскизі әзірленді. 2019 жылы жаңа музейдің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалмақ.

«Абай әлемі» кітаптар сериясы. Белгілі жазушы, драматург, қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің жетекшілігімен 2018 жылы Абай, Шәкәрім, Ә.Қашаубаев, М.Әуезов, Ф.Достоевский, А.Иванов, Т.Көбдіков, Б.Щербаков, М.Сәрсеке, М.Қабанбаев сынды 10 автордың шығармалары жарық көрген. Биыл жобаны жүзеге асыруға 38,7 млн. теңге бөлініпті. Қазіргі күні алдағы 2019 жылы еңбектері жарық көретін авторлардың тізімі жасалуда, бұл мақсатқа 26,8 млн. теңге бөлу жоспарлануда.

«Арт Заман» жобасының басты мақсаты – өңірдегі музей қорын Қазақстанның классикалық және заманауи бейнелеу өнерінің бірегей және үздік өнер туындыларымен толықтыру. Екі жылдың ішінде өнер музейі отандық суретшілердің 34 картинасымен толығыпты. Олардың қатарында Ә.Қастеев, М.Аманжолов, Б.Табиев, Ш.Сариев, С.Айтбаев, А.Табиев, Ә.Шоқанов, М.Жүнісов секілді т.б. суретшілердің туындылары бар. 2018 жылы жобаға 60 млн. теңге бөлінсе, алдағы жылы 55,8 млн. теңге бөлу қарастырылған.

«Ертістің музыкалық әлемі» жобасы аясында биыл Абай атындағы музыкалық драма театрының қазақ труппасы Моңғолияға, Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның «Кербез» фольклорлық ансамблі Польшаға гастрольдік сапармен барып қайтты. Жыл бойы мәдениет мекемелері арнайы кесте бойынша облыстың аудандары мен қалаларына гастрольдік сапарға шықты. Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония әртістері жаңа сахналық киімдермен қамтамасыз етіліп, музыкалық аспаптар сатып алынды. Алдағы жылы «Ертіс концерт» мекемесі шекаралас Қытай және Ресей мемлекеттеріне гастрольдік сапармен барады деп жоспарлануда. Биыл жобаға 349,4 млн. теңге бөлінсе, 2019 жылы 600,8 млн. теңге бөлінбек.

Киелі жерлер туралы танымдық хабарлар циклі түсіріледі

«Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны». Облыстың туроператорлары өңіріміздің киелі жерлеріне апаратын 23 жаңа туристік маршрутты әзірледі. Шетелдік туристік операторлар үшін туристік нысандарға екі ақпараттық тур ұйымдастырылған. Шығыс Қазақстан облысының картасы бар жазғы және қысқы жолсерік кітапшалар әзірленген. Жергілікті қаламгерлер Ә.Қаңтарбаев, М.Юрченко, К.Сембаевтың балаларға арналған «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» атты кітабы шыққан. Алдағы жылы «Мир» халықаралық телерадио компаниясы өңіріміздің киелі жерлері туралы «Қазақстан: дала аңыздары» атты танымдық хабарлар циклін түсіруді жоспарлап отырған көрінеді. Сондай-ақ Алакөлдің жағасында «Алакөл әуендері» атты халықаралық фестиваль мен «Убинские распевы» атты эко-этно-фолк шарасы ұйымдастырылмақ. 2018 жылы жобаны іске асыруға 11,7 млн. теңге бөлінген. Сонымен қатар Алакөлдің жағалауын абаттандырып, инфрақұрылымын дамытуға биыл 1,3 млрд. теңге жұмсалыпты.

«Политехникалық арт-музей». Ежелгі Алтайдағы металлургия туралы білімді насихаттау мақсатында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында «Экспериментті археология» экспозициясы құрылды. 2019 жылы «Аймақтағы облыстық тарихи-өлкетану музейлері базасына музей педагогикасы инновацияларын енгізу» жобасы шеңберінде «Өлкетану» курсы бойынша оқу-әдістемелік құралын аяқтау жоспарлануда. Жоба Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады

«Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында «Шығыс Қазақстанның фольклорлық ұжымдары» альбомы мен халықтың фольклоры туралы әдістемелік құрал жарыққа шықпақ. Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концерттері ұйымдастырылды. Ел арасынан қазақ, татар, орыс халықтарының фольклорын жинау жұмыстары 2019 жылы да жалғасын табатын болады. 2018 жылы бұл жобаға 29,4 млн. теңге бөлінсе, 2019 жылы 54,7 млн. теңге бөлу жоспарлануда.

«Шығыс Қазақстандағы өркениет феномені» жобасы аясында «Қазақстандағы және іргелес аумақтағы этнодемографиялық процестер» атты ХVІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. «Үлкен Алтай әлемі» журналының тақырыптық саны жарыққа шықты. Жоба С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қаржысына жүзеге асырылуда.

«Шығыс Қазақстандағы тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасы бойынша 89 жергілікті маңызы бар тарихи ескерткішті қалпына келтіру үшін сараптама әзірленді. Алдағы жылы бұл нысандар қайта қалпына келтірілмек. Сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау зонасы жобасы да әзірленді. 2018 жылы 316 млн. теңге бөлінсе, 2019 жылы 276,7 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.

«Туған жер. Шығыс Қазақстан» интернет-платформасы» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысын бақылау үрдісіне IT технологияны енгізудің үлгісі болып табылады. 2018 жылы жобаға 15,8 млн. теңге бөлінген, 2019 жылы 6,8 млн. теңге бөлу көзделіп отыр.

«Үздік шағын қала – Үздік аудан орталығы – Үздік ауыл». Облыстың елді мекендерін абаттандыру бойынша үздік жоба байқауының алғашқы кезеңі өткізілді. 2019 жылы байқаудың екінші кезеңі өткізіліп, қорытындысы шығарылған соң, жеңімпаздарға абаттандыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға 700 млн. теңгенің гранты табысталатын болады.

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша облыс көшбасшылардың қатарында. Республикалық «ruh.kz» сайтында 2017 жылы жүзеге асырылған 483 жоба туралы ақпарат орналастырылған. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 10 млрд. теңгеден астам бюджеттен тыс қаражат жұмсалған.

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады

«Әлеуметтік бастамалар картасы» бағыты бойынша да талай дүниелер атқарылды. «Менің мектебім» жобасы аясында екі жылдың ішінде 277 толық комплектілі мектепте 476 физика, химия, биология және роботты техника секілді пәндік кабинеттер керекті құралдармен жабдықталып, 277 мектепте 2,8 млрд. теңге көлеміндегі демеушілердің қаржысына IT-сыныптар ашылды. 2019 жылдың алғашқы тоқсанында қалған 371 мектеп IT-сыныптармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ 277 толық комплектілі мектеп жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды 3D режимінде өткізуге мүмкіндік беретін интерактивті тақталармен қамтамасыз етілді. Келесі жылы тағы да 476 мектеп, оның ішінде ауылдық және шағын комплектілі мектептер интерактивті тақталармен жабдықталатын болады.

Биыл «Менің мектебім» жобасымен қатар аудан-қалалардағы кәсіпкерлердің 2,4 млрд. теңге қаржысы 311 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға бағытталды, оның 297-сі іске асырылса, қалғандары 2019 жылға қалдырылды.

«Жомарт жүрек» бағыты бойынша 2018 жылдың шілде-қыркүйек айларында облыстық «Жомарт жүрек» байқауының аудандық, қалалық кезеңі өтті. Байқаудың облыстық кезеңіне 76 өтініш түсіп, «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Туған өлке», «Жыл меценаты», «Ерен еріктілік» аталымдары бойынша 10 адам таңдалып алынды. Жеңімпаздар 2018 жылдың 28 қарашасында облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиында марапатталды. 6 желтоқсанда өткен байқаудың республикалық кезеңінде шығысқазақстандық бес адамға «Жомарт жүрек» сыйлығы табыс етілді.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша бес бірегей жоба, 18 кіші жоба жүзеге асырылып, «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» секілді үш негізгі бағыт бойынша 65 іс-шара өткізілді. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2017 жылы барлығы 600,3 млн. теңге, 2018 жылы – 754,4 млн. теңге бөлінді. «Білікті маман» жобасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында аймаққа қажетті мамандарды даярлау үшін облыстық бюджеттен екі жылдың ішінде 446 грант бөлінді. Нәтижесінде 2016 жылдан бастап шетелдік жоғары оқу орындарына кететін түлектердің саны үш есеге қысқарды. Егер 2016 жылы 1800, 2017 жылы 890 түлек шетелге білім іздеп кетсе, үстіміздегі жылы олардың саны 636 болды.

Жастар керуені ауылдарды аралайды

Сонымен қатар «Үштілділікті жүзеге асыру» жобасы бойынша жұмыстар да жалғасуда. Бүгінгі таңда облыстағы барлық мектеп үшін жаңа оқулықтар сатып алынып, 3400 тілдік, 200 жаратылыстану пәнінен беретін мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Үздік деп танылған 18 тіл маманына 7,2 теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұл мақсатқа 2018 жылы 340,3 млн. теңге бөлінсе, 2019 жылы 373,3 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарлануда.

Діни сауаттылықты арттырып, экстремизм мен радикализмнің алдын алу, дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстардың тиімділігін көтеруді көздейтін «Рухани білім беру» жобасы аясында өңірдегі екі колледжде (Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі «Ислам негіздері мұғалімі» және Семей қаласындағы көпсалалы «Имам хатиб» колледжі) 70 маман даярланатын болады. 2018 жылы бұған 144 млн. теңге бөлінді. «Шығыс жастары» жобасы бойынша биыл «Рухани жаңғыру: жастық жігер» жазғы лагері, «Жігіт сұлтаны», «Аяулы жас келін» байқаулары, Street Workout бойынша турнир, «Ұлы Абай: рухты сөзі» форумы ұйымдастырылды. 2019 жылы ауыл жастары үшін «Рухани жаңғыру: жастар жолы» атты жастар керуені ұйымдастырылатын болады. 2018 жылы жобаға 8,6 млн. теңге бөлінсе, 2019 жылы 4 млн. теңге бөлінеді.

«Ұстаз өзгерістер елшісі» кіші жобасының «Отаным – тағдырым» атты негізгі бағыты бойынша жобалық команда құрылып, кіші жоба бойынша паспорт, жол картасы, шығындардың сметасы жасалды. Биыл барлығы «Жыл педагогы», «Жылдың үздік психологы», «Қосымша білім берудің үздік педагогы», «Жылдың үздік информатигі», «Жылдың менеджері» секілді жеті іс-шара өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының республикалық «Тарих мұрасы» жобасын іске асыру аясында 2018 жылдың 2-3 қазанында «Үздік мектеп музейі» республикалық байқауының облыстық кезеңі болды.

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Абай әлемі» 3D кітабы әзірленді. Бұл 3D кітап оқушыларды Абай шығармашылығымен таныстырып, жас ұрпақтың қазақ мәдениетіне қызығушылығын арттырады.

2018 жылдың 10-12 қыркүйегінде өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің 200-ге таяу оқушысы жас өлкетанушылар мен натуралистердің облыстық форумына қатысса, 17-19 қазанда «Менің кіші отаным» атты жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық байқауы, 17-26 маусымда Туристік экспедициялық отрядтардың облыстық слеті өтті.

«Өрле, Қазақстан» кіші жобасы аясында биылғы 1 маусымда балалар мен жас музыканттардың оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі ұйымдастырылды. Аталған шеруге Өскеменде 5000, облыс бойынша 100 000 адам қатысты.

«Ұстаз – өзгерістер елшісі» кіші жобасы шеңберінде өткен «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өңірдегі 200-ге таяу тарихшы, географ, өлкетанушы мұғалімдер мен мектеп музейлері жетекшілерінің басын қосты. Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы әзірленіп, білім мекемелерінің сайттары мен ашық интернет-ресурстарға орналастырылды.

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады

2018 жылдың наурыз-мамыр айларында «Салауатты ұрпақ» кіші жобасы аясында «Мектеп спорттық лигасы» атты облыстық шара өтіп, жасөсіпірім ұлдар мен қыздар волейбол, баскетбол, футбол секілді спорт түрлерінен өз шеберліктерін ортаға салды. Спорттық шараның алғашқы кезеңіне – 33817, екінші кезеңіне – 16065, үшінші кезеңіне – 2016 оқушы қатысты.

«Сөз – тілдің көркі» кіші жобасының «Отаным – тағдырым» бағыты бойынша да 2018 жылы «Жыр алыбы – Жамбыл», «Жансүгіров оқулары», «Мұқағали оқулары», «Әбіш оқулары», «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Яссауитану» байқауы ұйымдастырылды.

«Дарындылар елі» жобасы аясында үстіміздегі жылдың 11-12 қазанында жас музыканттардың 51-ші республикалық фестиваль-байқауының облыстық туры өтті. Мектеп оқушылары үшін мамандық таңдау да өте маңызды. Осы орайда 2018 жылы оқушылардың мамандық таңдауына көмектесу бағытында «Ауыл тынысы – қала тынысы» атты арнайы кіші жоба қолға алынды. Жоба аясында мектеп оқушылары облысымыздағы өндіріс орындарына саяхат жасап, тәжірибелік сабақтарға қатысты.

Рухани тұрғыдан өскен ел ғана өркениетке қол созады

Облыстық қосымша білім беру және денешынықтыру орталығы да талай кіші жобаларды ұйымдастыруға атсалысты. Солардың бірі – Жоғары Тайынтыдағы «Малахит» базасында туристік көпсайыс бойынша өткен облыстық чемпионат. Бұл шараға 100-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар осы орталықтың ұйытқы болуымен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың облыстық байқауы өтті.

Республикалық «Ұлы дала жастары» жобасы аясында өңірдегі бес бірдей жоғары оқу орнында студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаларын түсіндіріп, жаңа бастамаларына қолдау білдіретін жастардың штабы құрылды. Облыстың Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Шәкәрім атындағы Семей университеті секілді үш жоғары оқу орнында республикалық реестрге кірген жеті облыстық жоба жүзеге асуда. Жалпы, бағдарлама аясында бір жылдың ішінде облыстық кестелік тізімге енген 145 іс-шара өтті.

Облыста «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа кітап» жобасы бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шығыс Қазақстан сараптама кеңесінің құрамында жоғары оқу орындарының 18 оқытушысы бар. Сараптама кеңесінің төрағасы – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Төлеген.

Сондай-ақ инклюзивті білім беру, шағын комплектілі мектептердегі білім сапасын арттыру, жастарды жұмыспен қамту бойынша да түрлі жобалар сәтті іске асырылуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған барлық жобалар алдағы жылы да жалғасын табатын болады.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button