Әріптесіміз бас бәйгені иеленді
2014 жылы «Невада-Семей» халықаралық анти-ядролық қозғалысы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтпек.
Осы мерейтой қарсаңында Семей қаласындағы Достық үйінде бұрынғы сынақ алаңының проблемаларын жазып, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың бейбіт атомға бағытталған жұмыстарын көрсете білген үздік
журналистер марапатталды. Республикалық БАҚ өкілдері арасында бас бәйгені әріптесіміз, облыстық «Дидар» газетінің Семейдегі меншікті тілшісі Раушан Нұғманбекова жеңіп алды. Салтанатты шарада Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков қатысып, жеңіске жеткен журналистерге дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті. Бірінші орынды «Қазақстан» ұлттық арнасының Семей қаласындағы тілшісі Ержан Жақып иеленді. Сондай-ақ, республикалық «Егемен Қазақстан», аймақтағы «Ертіс өңірі», «Семей таңы» газеттерінің тілші-лері де ынталандыру сыйлығына ие болды. Біз әріптесімізді осы жеңісімен құттықтай отырып оған шығармашылық
табыстар тілейміз.
Шығыс-Ақпарат