Қоғам

Өңірімізге тұңғыш рет топтық визамен туристер келді

Өңірімізге тұңғыш рет топтық визамен туристер келді


Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытайдың мемлекеттік туризм ісі жөніндегі басқармасы арасындағы меморандум аясында облысымызға қытайлық туристер келді.

Қонақтарды Өскемендегі әуежайдан облыстық туристік ақпарат орталығының жетекшісі Данияр Тоқтарбаев қарсы алды. Олар екі ел арасындағы келісімшарт бойынша топтық визамен тұңғыш рет келіп отыр.

– Біз Қытайдың Үрімжі қаласының тұрғындарымыз. Алғашқы екі күнімізді Астана қаласында өткіздік. Астана жас қала, соған қарамастан өте әсем шаһар. Көргенімізге өте қуаныштамыз. Бүгін Өскемен қаласына келдік. Бізді мұндағы елдің қарсы алу мәдениеті, таңғажайып табиғаты тамсандырып жатыр. Келесі жыл – біздің елде Қазақстанның саяхат жылы болып белгіленіп отыр. Соған бұл жақтағы туристер де барып қатысады деп ойлаймын, – дейді туриСтік топтың жетекшісі, Шыңжаң ұйғыр автономиялы өңірі туризм басқармасының басшысы Ли Ун Шиң.

Құрамында 26 турисі бар топ біздің өңірде 8-10 тамыз күндер аралығында қонақта болады.
– Келген туристерді тарихи мұражайлар мен әдемі саябақтарымызға, сондай-ақ, шаруа қожалықтарына апарамыз. «Титан» ат спорты кешенінде болады. Сол жерде қыз қуу, бесікке салу сынды ұлттық дәстүрлерімізді көрсетеміз. Біз бұл кісілердің қасына жергілікті кәсіпкерлерді қосуға тырыстық. Өйткені, олар келген қонақтармен әріптестік байланыс жасауға мүмкіндік алады, – дейді облыстық туристік ақпарат орталығының жетекшісі Данияр Тоқтарбаев.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button