Қоғам

Өңірімізде 25 игі іс атқарылмақ

Өңірімізде 25 игі іс атқарылмақ

Шығыстың жастары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «25 игі іс» атты ерекше акция ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық аймақ бойынша қайырымдылық концерттер мен іс-шаралар жылдың аяғына дейін жалғасады, ал жиналған қаражат көмекке мұқтаж жерлестерімізге жеребе тастау әдісімен беріледі.
Облыстың белсенді жастары, оның ішінде Тәуелсіздіктің құрдастары ағымдағы акцияларды сәтті өткізу үшін бар күштерін салуда. Әрбір аудан мен қалада ұйымдастырылатын қайырымдылық концерттер рухани даму мен тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталады. Алғашқы концерт Өскеменде өтті.
– 2016 жыл біздің еліміз үшін аса маңызды. Өңірлік жастар орталықтарының белсенділері Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Аталмыш шараға Шығыстың әрбір қаласы мен ауданы өз үлестерін қосады. Біреулері 100 мың теңге жинаса, енді бірі 200 мың теңге, кейбірі 50 мың теңге қаражат өткізеді. Жиналған барлық қаражатты мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағыттаймыз. Көптеген жандарға көмек қолын созуға ықыластымыз, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
Мәдени іс-шаралардан түскен барлық қаржы бір сомаға біріктіріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаражат жеребе тастау әдісімен бір қаланың немесе ауданның мұқтаж жандарына таратылады. Қазіргі уақытта 14-29 жас аралығындағы осындай адамдардың тізімі жасалуда.
Сондай-ақ, қайырымдылық акциясы Аягөз ауданында да өткізіліп, жәрдемге мұқтаж көпбалалы бір отбасы киім-кешекпен, азық-түлікпен және көмірмен қамтамасыз етілді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button