«Өрлеудің» шапағаты тиіп отыр
«Өрлеу» бағдарламасының шартына сәйкес, ақшалай көмек жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60 пайызға төмен болса беріледі. Оның өзге бағдарламалардан өзгешілігі – тек тұрмысы төмен отбасылар ғана әлеуметтік жағдайларын түзету үшін қосымша қаржы алады.
Тассай ауылдық округінде қолға алынған осы бағдарламаға 9 тұрғын қатысып отыр. Солардың бірі – Маржан Әбекенова.
– «Өрлеу» бағдарламасының арқасында атаулы әлеуметтік көмекке қосымша 17 мың теңге ақшалай көмек алып отырмын. Жолдасым да жұмспен қамтылды. Берілген қаражатты жинақтап, ұсақ мал асырасақ деп отырмыз, – дейді ол.
Ал екінші қатысушы Аян Әубәкірова да мал басын көбейтпек.
– Бағдарлама бойынша жәрдем алушылар әлеуметтік жауапкершілікті түсінеді, еңбексіз табыс болмайтынына көздері жетіп, масылдық пиғылдан арылады. Мемлекет тара пынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдаланамыз, – дейді ол.
Көкпекті ауданы