Қоғам

Риддерлік көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Баспана

Өткен жылы Риддердегі жағдайы төмен отбасылардың кейбір санаттарына жергілікті бюджеттен 18 миллион теңгеден астам төлемақы төленіп, төрт көпбалалы отбасы жалдамалы баспанаға ие болған. 

Шаһар басшылығының хабарлауынша, қазіргі уақытта қаладағы жағдайы төмен 197 отбасында 770 адам өмір сүрсе, оның 205 адамнан тұратын 33-і көпбалалы отбасылар болып келеді. 2020 жылы мұндай отбасылар назардан тыс қалмай, 73 миллион теңгеден астам мөлшерде атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Жергілікті өкілді органның шешіміне сәйкес, жағдайы төмен азаматтырдың кейбір санаттарына жергілікті бюджеттен 18 млн. 805 мың теңге мөлшерінде төлемақылар жасалды. Сондай-ақ, Соңғы екі жылда төрт көпбалалы отбасы жалдамалы баспанаға ие болды, – деді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.

Қоса кетсек, ел заңнамаларына сәйкес, жан басына шаққандағы айлық орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын отбасылар азқамтылған отбасыларға жатады. Бұл көрсеткіш ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеліп, жылдың әр тоқсанында өзгеріп отырады.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button