Қоғам

Риддерге көмек

Риддердегі өрттен зардап шеккен әр отбасы Болат Өтемұратов қорынан «Көмек картасы» жобасы аясында 1 миллион теңгеден алады. «Көмек картасы» – Болат Өтемұратов қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және Fortebank бірлесе жүзеге асыратын жоба.

Жақын күндері Қызыл Айдың апаттарға ден қою тобы жапа шеккендердің жағдайы мен қажеттіліктерін бағалағаннан кейін зардап тартқан барлық отбасыларға 1 миллион теңге мөлшеріндегі банк карталары беріледі.

– Риддерде өрт болғанын біліп, тобымызбен бірге қалыс қала алмадық, қиындыққа тап болғандарға қолдау көрсетуді жөн көрдік. Көмек уақтылы әрі мақсатты болуы үшін үйінен айырылған әр отбасыға 1 миллион теңгеден беруді шештік. Өкінішке қарай, өрт адам өмірін жалмады. Қайтыс болған Галина Спивакованың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын, – дейді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсете отырып, «Көмек картасы» бірлескен қайырымдылық жобасы 2018 жылдан сәтті жүзеге асуда. Осы жоба аясында қор жалпы сомасы 1 миллион АҚШ долларына жуық қаржылай қолдау көрсетті.

 

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button