Қоғам
Риддердегі өрт жайлы. Президент тапсырма берді

Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз болғаны Риддердегі алапат өрттен бейнежазба көресіз. Тұмса табиғатымен жұртты таңдай қақтырған жердің өртеніп жатқаны кім-кімнің болмасын жанына батады. Зардап шеккен халықтың жағдайы бір бөлек әңгіме. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі өртке қатысты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы өрт бойынша тапсырма берді
“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр”, – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде.
Балауса Мэлс