Риддерде жоғалған 2 жасар баланың мәйіті табылды

Риддерде 2 жасар Арсений Киселев атты бала жоғалып, көпшілікті алаңдатып қойған еді. Кеше құтқарушылар мен еріктілер тобы баланың мәйітін тапты.
Бала жұма күні күндіз әдеттегідей аулада ойнауға шыққан. Полицейлер кішкентай Арсений аға-апайларымен, сондай-ақ көрші балалармен бірге ойнап жүргенін, алайда біршама уақыттан кейін кенеттен жоғалып кеткенін анықтады.
Өскеменнен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар келді.
– Тәртіп сақшылары бала өзенге құлап кетуі мүмкін деп болжады. Бұған су қоймасының жағасындағы іздер дәлел. Өзен арнасын тінту барысында сол , 1 шақырымдай жерден баланың мәйіті табылды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Балауса Қожаева