Қоғам
Риддерде спортшылар мен туристер үшін Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты ашылады.
Жаңа кешен қала теміржолынан 4 шақырым қашықтықтағы Анатау тауының төменгі бөлігінде орналаспақ. Келер жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады. Жыл бойы жұмыс істейтін орталықта арқан жолдар, қонақ үй болады.