Риддерде штаттан тыс жағдай орын алды

Жергілікті жылу-энергия орталығының басшылығы мазут сапасын бақыламаған, ол сумен араласқан болып шықты, салдарынан 23 қазанда жылу стансасының қазандықтары уақытша тоқтады. Шұғыл түрде облыс әкімі Даниал Ахметовтің басшылығыммен жедел штаб құрылды.
Станция жұмысын қалпына келтіру үшін «Қазцинк» ЖШС қоймасынан Риддер жылу орталығына бірден 60 тонна мазут жіберілді. Өскемен ЖЭО қосымша 70 тонна мазут жөнелтті. Артынша мазут тиелген тағы 6 цистерна келіп жетті. Бұл отын мөлшері станцияның 100 күндік үздіксіз жұмысына жеткілікті.
– 24 қазан күні сағат 22.00-де қаланы жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысы қалпына келді. Риддер ЖЭО тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтуда. Қала жұртшылығының алаңдауына еш себеп жоқ, – деді аймақ басшысы.
Облыс прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының немқұрайлық фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ, қалада облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев жұмыс істеуде.
Ержан Кеңесұлы