ЖаңалықтарТОП

Риддер ЖЭО: жақында екі қазандық іске қосылады

Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандық бір аптадан кейін іске қосылады. 

12 қыркүйекте “Риддер ЖЭО” АҚ-да №1, 2 орташа қысымды қазандықтар іске қосады, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

– №1,2 қазандықтар сумен толтырылып, жылу желісінің тығыздығы мен беріктігін тексереміз. Сондай сәтте кейбір жерлерден тамшылап су кетуі мүмкін.  Ақауды жөндеп,  одан кейін   қайтадан қысыммен су беру керек. Бұл жұмыстар жылыту маусымы кезінде кідіріс  болмауы үшін жасалып жатыр», – деді Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев. 

Бұл іске қосу-жөндеу жұмыстарының бірінші бөлігі, содан кейін отқа төзімді кірпішпен қалау жүзеге аспақ.

– Дәл осы кезеңде бу, ауа жылытқыштардың, үрлеу механизмдерінің және т.б.жұмыстардың оңтайлы  режимі таңдалады, – деп түсіндірді Риддер қаласының әкімі.

Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жылу және электр энергетикасының барлық саласын жандандыру қажет екенін атап өткен еді. Риддер ЖЭО-да бұл жұмыстар қазір жүргізіліп жатыр. Барлық алты қазандықты қайта құру және жөндеу жұмыстарының қарқыны жоғары.

– Бізде кадр тапшылығы бар екенін айтқым келеді. Өйткені соңғы он жылдықта кәсіпорыннан тәжірибелі мамандар кетіп қалды. Жылу орталығындағы болған жағдайдың бір себебі сол деп ойлаймын,-деп атап өтті Дәулет Батырбаев. 

Риддер қаласының  әкімі білікті кадр тапшылығы мәселесін жалақыны көтеру, әлеуметтік пакетті жақсарту, сондай-ақ орта және жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жас мамандарды жұмыспен қамту арқылы шешпек.

Осы айдарда

Back to top button