Қоғам

Рейд жүргізудің кестесі әзірленді

Азамат Темірбеков

Биыл жыл басынан бері Риддердегі су айдындарында екі адам суға кетіп, мерт болды.

Биылғы шомылу маусымы кезеңінде жабдықталмаған су айдындарында және көпшілік демалатын орындарда демалыс және мереке күндері жүргізілетін профилактикалық рейдтердің кестесі әзірленіп, қала әкімімен бекітілген кестеге сәйкес шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғаспақ.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өткен жылғы шомылу маусымы кезінде жабдықталмаған су айдындарында мас күйінде шомылған бір адам суға кетсе, биыл жыл басынан бері екі адам ажал құшқан.

Тихая, Үлбі, Быструха, Шаравка және оның жанында орналасқан су қоймасының ерекшеліктерін білуі қажет екенін ескерткен құзырлы мекемелер жабдықталмаған жерлерде су басқан бөренелердің, темір қалдықтарының, шыны сынықтары мен басқа заттар болуы мүмкін хабарлады. Бұл ретте, Риддер қаласындағы су айдындарының жанында демалу және шомылу үшін жабдықталған орындар жоқ екенін тұрғындар білуі қажет.

Осы айдарда

Back to top button