COVID-19 

Ревакцинация жасағандар бар ма?

Ревакцинацияның басталғанына да бір аптадан аса уақыт болды. Осы уақыт ішінде қайта вакцина алғандар бар ма?

Ресми дерекке сүйенсек, елде ревакцинация жасаған адамдар саны 9412 адамға жеткен.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов үкімет отырысында айтты.
Сондай-ақ елге Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілген. Осы уақытқа дейін 62 707 жасөспірім және 17 015 жүкті және бала емізетін әйелдер вакцина алып үлгерді.
Ревакцинация екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде:
медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері;
60 жастан асқан адамдар;
өз бетінше зерттеуден өткен және антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар.
Екінші кезеңде:
вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар қамтылады.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде ревакцинация 22 қараша күні басталған болатын.

Осы айдарда

Back to top button