Руханият

Ресей елшісі кітапхана оқырмандарымен жүздесті

Ресей елшісі кітапхана оқырмандарымен жүздесті

Өскеменде өткен инвестфорумға қатысуға келген Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников А.Пушкин атындағы облыстық кітапханаға да соғып, ондағы орыс мәдениеті орталығының жұмысымен жақын танысты.
Кітапхана ұжымы мен оқырмандар алдында сөз сөйлеген Ресей елшісі М.Бочарников өзінің сөзінде Өскеменге бірнеше мәрте келсе де, кітапханаға бірінші рет жолы түсіп тұрғанын, мұндағы кітап қорының өте бай екенін тілге тиек етіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып шығарылған «Путеводитель побед» кітабын тарту етті.
– Бұл кітапта қызыл әскердің Берлинге дейінгі жеңіс жолы егжей-тегжейлі жазылған. Ұлы Жеңіс – бәрімізге ортақ. Қанмен жазылған тарихты құрметтеп, ұрпақ жадына сіңіру біздің парызымыз, – деді М. Бочарников.
Елші осыдан екі жыл бұрын ашылған кітапханадағы орыс мәдениеті орталығының жұмысымен де танысты.
Сондай-ақ, осы күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада отандық және әлемдік классика жаућарларына арналған әдеби кездесу өтті. Оған Өскемендегі Ресей Федерациясының бас консулдығының атташесі Айрат Хамидуллин қатысып, сөз сөйлеп, әдебиет қашан да халықтарды жақындастыра түсетінін атап өтті.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button