Қоғам

Ректор мен оқытушылар екпе салдырды

Шығыстағы ұстаздар жаппай екпе алып жатыр. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген мамандар бұл қадамға өз еркімен барды. Біз Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға барып, вакцина салдырған оқытушылардың хал-жағдайын сұрап қайттық. Университетте 50 адам екпе салдырыпты.

– Екпені кеше салдырғанмын. Өзімді жақсы сезініп отырмын. Осыған дейін екпе алған таныстарымның да шағымданғанын естімеппін. Ректорымыз Жасұлан Шаймарданов та көппен бірге вакцина салдырды. Биология  ғылымдарының докторы бізге індетпен күрес кезіндегі екпенің рөлі жайлы дәріс оқып берді. Ал біз өз кезегімізде дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймыз, – дейді Әлеуметтік коммуникация орталығының жетекшісі Қарлығаш Қасымова.

Сәуірдің екінші жұлдызындағы ақпарат бойынша облыста барлығы 9075 адам екпе салдырған. Осы орайда қауіпті дертке қарсы вакцина алуға ниетті адамдар қатары күн санап көбейіп келе жатқанын айта кетуіміз керек.

Балауса ҚОЖАЕВА

Осы айдарда

Back to top button