Қоғам

Қысқа-нұсқа

Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова Өскемендегі тергеу изоляторында болып, қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарды ұстау жағдайын көрді.

Депутат ҚАЖ департаментінің басшысы Жанболат Кәлетаевпен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың отырған жерлерін аралады. Мұнда аталған оқиға бойынша 15 адам қамауда. Күдіктілер депутатқа сұрақтарын қойып, азаптау фактілерінің жоқтығын айтты.

 Облыста шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 6 адам құтқарылды. Құтқарушылар өзен-көл жағалауларын қайықпен бақылауда.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің полицейлермен бірлесе жүргізген рейдтері кезінде 371 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ересектерсіз демалып жүрген 14 жасқа дейінгі балаларды көрсе, құтқарушылар полицияға хабарлап, ата-анасын шақыра алады.

4 шілдеде сағат 23.30 шамасында Алакөл жағалауында тұтанған алапат өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Керуен» демалыс базасында екі корпус, бір кір жуатын орын, жеті коттедж, «Әйгерім» базасында 4 үй, «Жібек жолы» базасының аумағында үй,  монша, «Әлихан» базасында 8 корпус және асхана өртенді. Апат себебін зертхана мамандары анықтайтын болады.

Осы айдарда

Back to top button