Қоғам

Қысқа-нұсқа

Глубокое ауданындағы Маховка өзенінде су алабының тартылуынан балық қырылды.

Бұл туралы экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады. Балық шығыны аса ірі емес. Ал өзеннің жасыл түске боялуы – табиғи құбылыс. Сәуір-мамыр айларында суасты өсімдіктері түлеп, бояу бөледі.

 Жаз шыққалы облыстағы өзен-көлдерде 6 адам, оның ішінде 1 бала суға батты.

Олардың бәрі тыйым салынған жерлерде шомылған. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар атқа мініп, жағалауларды патрульдеп жүр. Бұл рұқсат етілмеген су қоймаларын жедел қамту үшін ыңғайлы.

Облыста полицейлер үш күнде жұбайына тұрмыстық зәбір көрсеткен 81 адамды әкімшілік жауапқа тартты.

Тәртіп сақшылары «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізуде. Іс-шараның үш күнінде инспекторлар зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі бар 4500-дей парақша таратты.

Өрттердің біраз бөлігі электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан шығады.

Жыл басынан өңір бойынша 585 өрт тұтанған. Оның 160-тан астамы электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болыпты.

Самар ауданындағы «Алтын құм» жағажайында құтқарушылар бекеті ашылды.

Мұнда 4 сүңгуір мен 3 өрт сөндіруші демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа бекет құтқару және жүзу құралдарымен, өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған.

Осы айдарда

Back to top button