Қоғам

Қысқа-нұсқа

Аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік тауарлардың құнын өсірген, азық-түлік бағасын жазбаған кәсіпкерлер жазаланатынын айтты. Өңірде азық-түлік қымбаттамауы үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Алдағы уақытта оңтүстік облыстардан 200 тонна қырыққабат жеткізіледі және үй маңындағы дүкендерді тексеру жалғасады.

 Өскемен мен Семейде биыл 60 мың түп ағаш егіледі. Жалпы өңір бойынша миллионға жуық көшет отырғызылмақ. Облыс әкімі Даниал Ахметов көгалдандыру жұмысына атсалысуға тұрғындарды да үндеп отыр. Коммуналдық қызметтер жол бойына, алаңдар мен саябақтарға, ал жұртшылық өз аулаларына ағаш егуі тиіс.

Аймақта соңғы бір жылда 34,8 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды. Өңірде бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару қарқынды жүріп жатыр. Жерді тәркілеудің тәртібі әзірленген. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

 Облыста жыл басынан жастар мен мұқтаж жандарға кәсіп ашу үшін 28,2 миллион теңге сомасына 23 грант берілді. Грант алу үшін Busines.enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы арқылы өтініш беру қажет. Бұдан бөлек, биыл 1415 адамды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту көзделіп отыр.

Алакөлдегі төрт шақырымнан астам жағалаудың түбі қоқыстан тазартылды. Сүңгуірлер бірінші күннің өзінде 1,5 шақырым жағалауды қамтып үлгерді, олар судан демалушыларға қауіп төндіретін 90 келі темір-терсек, 2 ау, он шақты шыны бөтелке шығарды.

Ержан Кеңесұлы

 

 

Осы айдарда

Back to top button