Қоғам
Қысқа-нұсқа
«Қазақстан халқына» қоры гранттар мен стипендияларды тағайындау конкурсын жариялады.
Жоғары білім алу үшін гранттар ауылдағы аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік грант алмаған жетім және мүгедек балаларға беріледі. Толық ақпарат қор сайтында бар.
Білім министрлігі алдағы оқу жылының ұзақтығын белгілеу туралы бұйрықты жариялады.
Құжат 22 шілдеден 5 тамызға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған. Ұсынылған жоба бойынша оқу жылы 31 мамырда аяқталуы тиіс. Оқу жылына күндер қосу бір күнгі сабақтар санын қысқартуға мүмкіндік бермек.